"210 миллион теңге". Танымал блогер Астанадағы жаңа пәтерін көрсетті

Танымал қазақстандық блогер Ерболат Жанабылов Астанадағы жаңа пәтерін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер пәтерін көрсеткен видеоны Youtube-арнасына жариялады.

Блогер алдымен 4 бөлмелі және 1 бөлмелі екі пәтер сатып алып, екеуін біріктірген. Пәтерге барлығы - 210 миллион теңге жұмсалған. Пәтерінің кіре-беріс бөлмесі өте үлкен, бір қабырғаның артында толығымен шкаф жасырылса, екінші қабырғаның артында қонақтарға арналған жуынатын бөлме бар.

Блогердің жұбайы Самалдың айтуынша, пәтердегі бөлме аралық барлық есікке 5 миллион теңге жұмсалған.

Пәтерге кіргеннен кейін сол жақ бетте қонақ бөлмесі мен асүй орналасқан. Үйдегі барлық жиһаздың құны - 33 миллион теңге.

Қонақ бөлмесінен асүйге кіруге болады. Ал үйдегі перделердің бағасы 3 миллион 500 мың теңге.

Блогердің әйелі Самал минимализм стилін ұнататынын айтады. 

Пәтерде қонақтарға арналған бөлме де бар. Бөлме жататын төсек, шкаф секілді қажетті заттармен жабдықталған.

Келесі бөлме бұл Ерболат пен Самалдың жатын бөлмесі. Ерлі-зайыптының жатын бөлмесінде жеке гардеробы мен жуынатын бөлмесі бар. Блогерлер баспананың мейлінше қонақ үйге ұқсас болғанын қалаған, сондықтан да барлығын арнайы тапсырыс арқылы жасатыпты.

Үй иелерінің жатын бөлмесіндегі гардеробынан бөлек, тағы да ауданы үлкен киім-кешек сақтайтын бөлмесі бар.

Суреттегі блогерлердің тұңғыш ұлы - Эльнурдың жатын бөлмесі. Самалдың сөзінше, Эльнур бауырларынан бөлек тұруды, жеке бөлмесінің болғанын қатты армандаған.

Ал бұл блогерлердің ортаңғы және кенже ұлдарының жатын бөлмесі. 

Самал балалар бөлмесіндегі кереует пен дуанның өзіне 6 миллион теңге кеткенін алға тартты.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сырға той деген қандай той?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!