Щучинскідегі студенттің өлімі: 11 адамға үкім шықты

Щучинскідегі студент Роман Бодаговтың өліміне қатысты 11 адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот үкімімен қорқытып алу, бұзақылық жасау және жәбірленуші Бодаговты өзін-өзі өлтіруіне жеткізгені үшін Бурабай ауданының 11 тұрғыны кінәлі деп танылды.

Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы (2 жыл ішінде) күш қолданумен қорқытып, 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сома 1 140 000 теңге) ақша бопсалаған.

Сонымен қатар, екі сотталушы "Н." және "А." жәбірленуші "Б."-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген. Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуіне 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған "Ш." жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Жаза тағайындауда сот "Н.", "К." және "Т."-да жас баланың болуын жеңілдететін жағдай ретінде, "Р." кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінгенін және "К", "СА", "Т"-да бұрын соттылығының болмағанын ескерді. Сотталушыларда ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 миллион теңгеге моральдық зиян және жалпы сомасы 1 140 000 теңгеге келтірілген материалдық залал өндірілді.

Сонымен қатар, сот басты сот талқылауы барысында тәртіпті бұзғаны үшін полиция департаментінің атына және аудан әкімінің атына жастарды жұмыспен қамту бөлігінде жұмысты күшейтуге назар аудара отырып, жекеше қаулылар шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2023 жылы 6 қазанға қараған түні Щучинскідегі теміржол бойында Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылған болатын. 

Марқұмның есімі Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойында табылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Артынша Президент Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді

"Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды". 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!