Әлеуметтік желіде тараған "All eyes on Rafax" флешмобы не туралы?

Әлеуметтік желіде "Барлығының назары Рафахта" атты флешмоб тарап жатыр. Massaget.kz тілшісі осыған орай Рафахта не болып жатқанын анықтауға тырысты.

NBC мәліметінше, 27 мамырға қараған түні Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуыл жасады. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, көшірілген бейбіт тұрғындар шатырларды паналаған аймақта кемінде 45 адам қаза тапты, жүздеген адам зардап шеккен.

All eyes on Rafah деген не мағынаны білдіреді?

All eyes on Rafah деген тіркес "Барлық көз Рафахқа" деп аударылады. Бұл сурет әлемді Рафахта және жалпы Газа секторында болған оқиғаларға назар аударуға шақырады.

Қазақстандықтар да әлеуметтік желіде Газа секторының тұрғындарын қолдауға арналған "Барлық назар Рафахта" флешмобы таралды. 

24 сағатта + 39,4 миллион желі қолданушысы палестиналықтарды қолдап жариялады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!