Қазақстанда терроризмді насихаттап жүрген екі шетелдік ұсталды
![Қазақстанда терроризмді насихаттап жүрген екі шетелдік ұсталды](/userdata/news/news_108208/image_l.jpg)
Фото:
ҰҚК
Қазақстанда терроризмді насихаттап жүрген екі шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады.
Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.
Олар Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмыстары болмаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина