Петропавлда екі аптадан бері 42 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

Петропавлда екі аптадан бері 42 жастағы әйел іздестіріліп жатыр
Фото: ©️ volontery_almaty_lider.kz

Петропавлда екі аптадан бері 1982 жылы туған Алена Еременко іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Петропавловск.news" сілтеме жасап.

Әйел 11 мамырда "Тайга" базарындағы үйден шығып, содан бері үйіне оралмады.

Белгілер: бойы 167 сантиметр, орташа дене бітімді, шашы ақшыл, ұзын, көздері қоңыр. Ол қара қалпақ, жасыл күрте, қою көк джинсы, жеңіл аяқ киім киген.

Өзімен бірге қара сөмке, сары күннен қорғайтын көзілдірігі бар. Егер сіз жоғалған адамның орналасқан жері туралы ақпарат білсеңіз, +7-747-628-3551, 8-926-626-6433 немесе 102 телефондары арқылы хабарлаңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: 9 сыныптан кейін қайда оқуға түсуге болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә