"20 жылдан кейінгі кездесу". Мұғалімдерін құттықтаған танымал кәсіпкер көпті тәнті етті

Танымал кәсіпкер, бизнес-тренер, психолог, нейротрекер, кризисолог Қуаныш Шонбай мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай мұғалімдерін құттықтап қайтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, видео жүктеді.

"Ауылымды сағындым… сағынышымды басып қайттым!" - деп жазған ол.

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл іс-әрекетіне тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

"Қандай керемет, оқушыларымыз осылай келіп тұрса қуанар едім, мүмкін әлі де келер", "Қандай күштіііі! Менің де арманым осылай бару ауылға", "Қандай бақыт. Алла разы болсын, осындай ер азаматтар көп болсын", "Сіз сияқты ағаларымыз көп болсын! Ұзақ ғұмыр берсін", "Қандай керемет, менде ұстазбын, осылай шәкіртіміз келіп құттықтап жатса", "Өте жақсы үлгі болсын! Ауылдағы ұстаздарымызға мың алғыс!" - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: ЭКО-ға квотаны қалай алуға болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз