"Мейрамбек сияқты жылайды екен". МузАрт тобы әншілерінің әрекеті жұртты күлкіге қарқ қылды

Танымал әнші, "МузАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасына әріптестері Мейрамбек Бесбаев пен Кенжебек Тұрсынбайұлымен видео жүктеп, жұртты күлкіге қарқ қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан топ мүшелерінің жылап жатқан балаларды көтеріп тұрғанын көруге болады. Тек Мейрамбек Бесбаевтың қолындағы бала ғана жыламай, сабыр сақтап тұр.

"Мейрамбектің қолындағы бала Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды екен, иә?" - деп жазған әнші.

Бұл видео Желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды.

"Филармония", "Әркім өзіне ұқсайтын балапандарды көтеріп алыпты", "Кенжебек мықты әншіғой", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның миы қанша жасында қартая бастайды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!