"Медеу" мұз айдыны маңында балта қолданып, төбелескендердің видеосы тарады

Желіде Алматыдағы "Медеу" мұз айдыны маңында ер адамдардың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Осы кезде олардың бірі құлап түсіп, қозғалмастан жатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне төбелеске қатысқандар анықталып, ұсталғанын хабарлады.

"Балта қолданып, бұзақылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі айыпталушы да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, төбелес бір-бірімен таныс адамдардың арасында шыққан. Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!