Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемдегі қаражат жымқырған

Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемдегі қаражат жымқырған
Фото: depositphotos.com

Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемдегі қаражат жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

Бейнеу аудандық сотының 16 мамырдағы үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы
тағайындалды.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина