Алматының бір ауданы сусыз қалмақ

Алматыда сумен жабдықтау желілері бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Қай ауданға суық су беру уақытша шектелетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы су" мекемесінің мәліметінше, 30 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықты ауыстыру және жаңа су құбырын сумен жабдықтау жүйесіне қосу жөнінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, Нижняя Пятилетка тұрғын алабындағы Энгельс-Волгоградская Радус Зенкович -Спасская - Бекмаханов көшелерінде суық сумен жабдықтау уақытша шектеледі. Лермонтов - Волгоградская-Нұрсая, Спасская көшелері шаршысындағы тұтынушыларда су қысымының төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада. 

Бекіткіш жабдықтарды және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау бұл учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

"Алматы Су" уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!