Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары азаптау ісі бойынша ұсталды

Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары азаптау ісі бойынша ұсталды
Фото: gov.kz

Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы ұстау изоляторында азаматтарды азаптау деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында 2024 жылғы 28 мамырда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды", - делінген хабарламада.

Қадағалау органының мәліметінше, бұл іске қатысты басқа мәліметтері жария етілмейді.

2020 жылы әлеуметтік желіде төсек үстінде айна қарап, жасыл жастықты алдына қойып суретке түскен ер адамның суреті пайда болды.  Суретте Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Б.Әбілбеков екені мәлім болды.

Кейін Алматы полиция департаменті бұл суретке пікір білдіріп, тергеу басталғанын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек