Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 63 мыңнан аса адам үйіне оралды

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 63 мыңнан аса адам үйіне оралды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 63 мыңнан аса адам үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5 313 адам эвакуациялау пункттерінде.

26.9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні төтенше жағдайлар департаменті күшімен бау-бақша серіктестіктері және Жайық өзені маңында орналасқан жеке тұрғын үй секторлары учаскелерінен су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тәулік ішінде 243 230 куб метр су сорылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина