Екібастұзда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінен үш жасар бала құлап кетті. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бала үйдің үшінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем бригадасы жеделділіктің бірінші дәрежесі бойынша шығып, төрт минутта оқиға орнында болды. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды", деп мәлімдеді өңірлік жедел жәрдем станция өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы орта ауыр деңгейде, тұрақты деп хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз