ТЖМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты тергеу аяқталды

ТЖМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты тергеу аяқталды
Фото: ТЖМ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 миллион теңгеден аса бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті.

Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралып жатыр.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек