Алматы облысының тауларынан турист құтқарылды

Алматы облысының Қарасай ауданында 20 жастағы турист іздестірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жас жігіт Үлкен Алматы шыңы ауданында таудан түсіп жатқанда адасып кеткен.

"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есептеудің көмегімен дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Іздеу тобы қабылдаған шаралармен Алма-Арасан шатқалының жанынан ер адам табылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқы түсті қалай жорыған?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!