Алматы облысының тауларынан турист құтқарылды
![Алматы облысының тауларынан турист құтқарылды](/userdata/news/news_108122/image_l.jpg)
Фото:
ТЖМ
Алматы облысының Қарасай ауданында 20 жастағы турист іздестірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жас жігіт Үлкен Алматы шыңы ауданында таудан түсіп жатқанда адасып кеткен.
"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есептеудің көмегімен дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Іздеу тобы қабылдаған шаралармен Алма-Арасан шатқалының жанынан ер адам табылды", - деп хабарлады ТЖМ.
Ведомство мәліметінше, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқы түсті қалай жорыған?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә