"Миымды идея қайнап жатыр". Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын қалай тойлайтынын айтып берді

"Миымды идея қайнап жатыр". Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын қалай тойлайтынын айтып берді
Фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova/

Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова 50 жасқа толуына орай "кино сыйлықақы" өткізбек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Құдай қаласа, осы күзде 50-ге толады екенмін. Бұл да бір белес қой былай қарасаң... Бірақ өзімді әлі күнге ересек сезінбейді екенмін. Дегенмен ақыл тоқтататын кез келген сияқты.
Сонымен, басқа шаруам аздай өзімнің туған күнімді ойластыра бастадым. Тұла бойым тұнған дарын деп айта алмаймын, бірақ тым қаражаяуда емеспін. Сахнаға бір кеңірек көйлек киіп шығармын азарлығы. Ойлана келе қарашада "кинопремия" өткіземін деп шештім. Тәуелсіз, ешкімнің пәрменісіз, көрерменіммен санасып, кәсіби ортаммен ақылдасып тағайындалатын жүлде болады. Ең маңыздысы үнемі еленбейтін телесериалдар қатысады. Менің де кинодағы қара шаңырағым - телесериалдар!
Миымда неше түрлі идея қайнап жатыр. Жаратушым күш-қуат берсін", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Балалар жазғы демалыста қандай кітаптар оқуы керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә