"Ерекше орындау". Ұлттық ұлан сарбазы даусымен Қазнетті баурап алды

Әлеуметтік желілерде танымал композицияны шын жүректен орындаған әскери қызметшінің видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Леонида Агутиннің "Я буду всегда с тобой" әнін көпшілік жақсы біледі десек қателеспейміз. Қазақстандық Едіге Шайдуллин бұл танымал композицияны жан дүниесімен орындап, TikTok-та тарап кетті.

@edge.mmm #ябудувсегдастобой #кавер ♬ оригинальный звук - edge.mmm

Ролик мыңнан аса пікір жинаған және Желі қолданушылары Қазақстанда дарындардың көптігін жазған.

"Ерекше орындау", "Жұмсақ және жылы дауыс", "Мен ән айта алмайтын жалғыз қазақпын ба?", "Қандай әдемі және заманауи орындау", - деп жазды Желі қолданушылары.

Едіге 26 жаста және ол Оралдағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін "Вокалдық өнер" мамандығы бойынша бітірген. Оқуды аяқтағаннан кейін әскерге барып, келісімшарт бойынша қызметте қалған.

"Маған Агутиннің шығармашылығы қатты ұнайды. Әрине, бұл роликке көптеген адам назар аударады деп күткен жоқпын. Мен жақсы артист болуды, сондай-ақ ары қарай да Ұлттық ұланның әскери оркестрінде қызмет етуді армандаймын", - деді ол Tengri Life тілшісіне.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!