"32-дегі күйеуімнің 64 жастағы көңілдесі бар". Үшінші жолдасынан қорлық көрген әйелдің жанайқайы

Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хатта араққұмар, әйелқұмар, анаша шегетін күйеуінен әбден қорлық көрген әйелдің жанайқайы жазылған.

"Сізді бұрыннан үзбей көріп отырамын. Мен асылып өлгім келеді! Ішімде 7 айлық балам бар. Балаларым көзіме көрінбей кетті, ойлағым келмейді. Ішімдегіні ешкімге айта алмай қиналып кеттім. Мені түсінетін адам жоқ. Күйеуім араққұмар, қатынқұмар, анаша шегеді! Жақында 64 жастан асқан әйелмен жатып жүргенін көрдім ұялы телефонынан. Бірінші күйеуіммен 4 жыл тұрдым, балалы болмадық, "туатын әйел алып беремін" деп енем ажыратты. Екінші рет тұрмысқа шықтым, ішімдегі қызыма 5 жарым айлық кезінде мені тастап кетті, үйленіп кетті. Үшінші осы күйеуіме шықтым, бірақ "ажыраспаймын" деп бәріне шыдап келемін. Сырт көзге бақытты сияқты көрінеміз. Бірақ өмірім тозақ. Қазір тек өлімді ойлап жүрмін. Мені қолдайтын ешкім жоқ. Мені кредитке тығып жіберді. Өзім сауда жасаймын. Тапқанымды несие төлеуге, тамаққа жеткізе алмай қиналып кетемін!Ажырасқаным дұрыс па, әлде өзіме қол жұмсағаным дұрыс па?! Ішіп келіп, ұрып тастайды! Не үшін таяқ жегенімді білмей ішім күйіп кетеді. Қаншама әйелрмен ұстадым. Мен алысу мен күресуден шаршадым. "Балаларым әкесіз өсе ме?" деген миымда сан түрлі сұрақ", - деп жазған хат иесі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Авокадоның пайдасы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!