Александр Шевченко "Ролан Гарростың" екінші айналымына өтті

Александр Шевченко "Ролан Гарростың" екінші айналымына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко "Ролан Гаррос" турнирін сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол алғашқы айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 82-ракеткасы Аслан Карацевпен кездесті. Тартысқа толы матч қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Есеп - 6:4, 4:6, 1:6, 6:1, 6:4

Екінші айналымда Александр француз Корентин Мутеге қарсы ойнайды.

Ал қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин бірінші айналымда венгриялық Фабиан Марозаннан жеңіліп қалды – 2:6, 2:6, 3:6.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан