Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық 17-орынға көтерілді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 19-дан 17-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл — оның спорт мансабындағы үздік көрсеткіш.

Александр Шевченко 61-ден 59-ға ауысса, Михаил Кукушкин 135-тен 136-ға сырғыды. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев сәйкесінше 167 және 171-орнында қалды.

Өткен аптада Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің чемпионы атанған Тимофей Скатов 242-тен 199-ға жоғарылап, ТОП-200-ге кірді. 

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 38-ден 40-сатыға төмендеді. 

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 37-ден 39-ға түсті. 

Жұптық сында Анна Данилина 59-дан 57-ге шықса, Жібек Құламбаева 144-орында (-2) тұр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!