Алматы тұрғыны мешіттерде адамдардың жеке мүлкін ұрлағаны үшін сотталды
![Алматы тұрғыны мешіттерде адамдардың жеке мүлкін ұрлағаны үшін сотталды](/userdata/news/news_108091/image_l.jpg)
Фото:
Tengrinews.kz
2023 жылғы қыста жас жігіт адамдардың құлшылық етіп жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сот отырысы барысында азамат Т. кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.
Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан