Алматы облысында туристер жол апатына ұшырады: автобус жүргізушісі қамауға алынды

Алматы облысындағы тасжолда туристер мінген автобус аударылып кетті, жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полицейлердің мәліметінше, автобус жүргізушісі жүргізуші куәлігінен айырылып, көлікті басқарғаны үшін қамауға алынды.

"Сонымен бірге автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға, жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне бергені үшін үлкен ақшалай айыппұл салынады", - деп хабарлады полиция.

Еске салайық, 27 мамырда Кеген - Жалаңаш - Көлсай тасжолымен жүріп бара жатқан Yutong автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Автобуста 37 адам болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!