Ақтауда такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті ұсталды

Ақтауда такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті ұсталды
Фото: Видео кадры

Ақтауда такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті Ақтау ауруханасынан шығарылғаннан кейін бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті өкілдері хабарлады. 

Соттың санкциясымен ол екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 22 мамырда Ақтау маңында жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, жансақтау бөліміне түскен болатын.

Такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шығып, салдарынан жолаушы такси жүргізушісін өлтірген. Жолаушы да пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. 1979 жылы туған науқасқа шұғыл ота жасалды.

Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі өкілдері құрсақ қуысына пышақ жарақатын алған науқас бүгін ауруханадан шығарылатынын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек