Петропавлда әйел адам бір ай бұрын үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған

Петропавлда әйел адам бір ай бұрын үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған
Фото: Петропавловск.news

Петропавлда 45 жастағы әйел 28 сәуірде үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап. 

Жоғалып кеткен әйел - 1979 жылы туған Гүлнар Салықова. Бойы шамамен 160 см, шашы қысқа, көзі қоңыр. 

Үйден шыққан күні қоңыр түсті жилет, ақ жейде, көк джинсы киіп шыққан. Өзімен бірге сөмкесі мен төлқұдаты болған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина