Ақтөбеде қылмыскер есірткіге мас күйде үйіне полиция шақырып өзі ұсталып қалған

Ақтөбеде қылмыскер есірткіге мас күйде үйіне полиция шақырып өзі ұсталып қалған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе облысындағы Бадамша тұрғыны өзі есірткіге мас күйде бола тұра пәтеріне біреу баса-көктеп кірмек болғанын айтып, полиция шақырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

24 жастағы тұрғын синтетикалық есірткі жасырып жүрген. Жігіт "жұмысты" телеграм арқылы тапқан. Біртіндеп "есірткі жеткізуші" қызметінен "қойма иесі" болып, үйінді есірткі салынған заттарды жасырған. Өзі де есірткіге тәуелді болып, оны сатуға да көмектескен. 

Бадамша тұрғыны есірткіге мас күййінде біреу есікті баса-көктеп кірмек болғандай күйде болып, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары үйге келіп, күмән тудыратындай ештеңе байқамаған. 24 жастағы жігітке қайтадан біреу пәтерге кірейін деп жатқандай көрінген. Полицейлер екінші рет келген кезде жігіттің немен айналысып жүргенін анықтаған. Жігіт есірткі салынған сөмкесін терезеден лақтырып жіберген. 

Жігіт ұсталып, кінәсін мойындап, күніне 5 мың рубль алып жүргенін айтты. Ал сотта есірткі жасырумен айналыспағанын, оны тек өзі үшін сатып алғанын айтқан.  

Оның сүйіктісінің айтуынша, 24 жастағы жігіт жұмысынан айырылып, есірткі сату арқылы ақша тауып жүрген. 

Сот айыпталушыны 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина