Қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан: 11 жасөспірім адасып кетті

Алматы облысында тауға шыққан 11 жасөспірім адасып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Кеше Алматы облысының Турист шыңында (3954 метр) құтқарушылар 11 жасөспірімді тапты. Олар таңертең қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты.

Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды.

Біраз уақыттан кейін құтқарушылар қалған жасөспірімдерді тапты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!