Қостанай облысында арнайы техникасы бар қойма өртенді

Қостанай облысыҚамысты ауылында қойма өртенді, оның ішінде есептен шығарылған техника болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ-не сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт 300 шаршы метр аумаққа тараған.

"Құтқарушылар өртті сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр", - деді Қазақстан ТЖМ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!