"Бас жүлде - пәтер және көлік". Белгілі кәсіпкер 50 жасқа толғанына орай дүркіретіп той жасады

Алматыда белгілі кәсіпкер Мақсат 50 жасқа толғанына орай дүркіретіп той жасады. Тойда біршама өнер адамдары бой көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Той туралы ең алдымен Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Мақсат ініміздің 50 жас мерей тойының басталуы да, аяқталуы да ерекше керемет өтті. Тойдың басында анасына ән арнатып, ортаға алып шығып, артынан би билеп ашты. Бизнесмен ініміз өзі салып жатқан пәтерден Астана қаласынан үй, көліктен бастап түрлі ұтыстар қонақтарына арнады. Осындай той барша қазағыма бұйырсын дегендер жүрекшеден баса кетіңіздер!" - деп жазған ол.

Той италяндық стильде өткен. Кеште лоторея билетін таратқан той иесі бас жүлде ретінде Астанадан пәтер ұсынған. Баспанадан басқа билет үшін жүлде ретінде Samsung телефондары, 10 Iphone, Дұбай және Италияға жолдама, көлік бар.

Кәсіпкердің қуанышын бөлісуге Қайрат Нұртастың отбасынан басқа, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев келген.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мүшел жасты тойлауға бола ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!