Ақмола облысында күкірт қышқылы төгілді

Ақмола облысы Сарыоба станциясының жанындағы темір жолда күкірт қышқылы төгілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "24KZ" сілтеме жасап.

Жүк құрамындағы цистерналардың бірі жарылып, күкірт қышқылы төгілді. Жергілікті жерде облыстық және аудандық штаб құрылды. Құтқарушылар оқиға орнына жетті. Олар төгілген күкірт қышқылын тазалап, қауіпті жүк тиелген цистернаны негізгі құрамнан алып тастады.

ТЖ департаменті қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ деп сендірді. Ведомство жағдайды бақылап отыр.

Тағы да оқи отырыңыздар: 10-сынып оқушылары қандай әдеби кітаптар оқуы керек?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!