"Балалы бола алмайсың". Актер Жахан Отарғалиев өзіне қойылған диагноз жайлы айтты

Желіде Жахан Отарғалиевтің белгілі журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатынан үзінді пайда болды. Актер өзін депрессия ұшыратқан диагноз жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр кезең туралы ашып айтты. Ол өзіне  диагноз қойған сәтті есіне алды.

"Маған диагноз қояды. "Жахан, сен физикалық тұрғыда балалы бола алмайсың" деді. Бұл нәрсенің маған ең ауыр тигені бір, екіншіден осыны менің әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді. Бұрын сезетінмін. Біраз жыл болмай жүрдік. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды. Оған дейін үсіт болды және ол әлі де бар", - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!