Абай облысында орманды отаған төрт азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Абай облысында орманды отаған төрт азаматқа қылмыстық іс қозғалды
Фото: Pixabay

Абай облысында орманды отаған төрт адам ұсталды. Олар жарты ғасырда әрең өсетін қылқан жапырақты аяусыз кескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қолға түскендер Бесқарағай ауданының тұрғындары. Олар құжат жасап, қарағай ағаштарын сұлатып тастаған. Тәртіп сақшылары, төрт азаматты "Семей орманы" резерваты алқабынан шығып келе жатқанда құрықтады.

Олар МТЗ-82"тракторының тіркемесіне ұзындығы 6 метр бөренелерді лық толтырып алған. Қазір қанша түп ағашты отағаны есептеліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

"ҚР ҚК екі бабымен — орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені, елеулі залал келтіргені үшін іс қозғалды. Заңсыз құжатпайдаланғаны үшін де сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Абай облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Бауыржан Садақбаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина