Талғарда полиция қызметкерін қорлаған тұрғынға қылмыстық іс қозғалды

Талғарда полиция қызметкерін қорлаған тұрғынға қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген. Өз міндеттерін атқарып жатқанда құқықбұзушылар тәртіп сақшысын балағаттады.

Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстады және құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйледі.

Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының өкілдеріне құрметпен қарауға шақырады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты мұндай іс-әрекеттерге жол берілмейтінін және заңға сәйкес жолын кесетінін еске саламыз.

Билік өкілін қорлау – айыппұлдар, түзету жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауыр құқық бұзушылық болып табылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!