"Дененің әйел типі бойынша дамуы". Ерлерге сыраны көп ішудің зияны

Хирург Александр Умнов сыраны көп ішу еркектерге гормонды бұзылыстарға және дененің әйел типі бойынша дамуына әкелуімен қауіпті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "NEWS.ru"-ге сілтеме жасап.

Маман көбікті сусынға тәуелділік бедеулік пен екінші типтегі қант диабеті қаупін арттыратынын айтты.

"Сыраны өте көп ішетіндерде семіздік пен метаболикалық синдром тез дамиды. Ал ол қандағы глюкозаның жоғарылауына және екінші типтегі қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, сырадағы ауыр металл тұздарының әсерінен ерлерде тестостерон өндірісі төмендейді, бұл әйелге "айналуға" және интимді өмірдегі проблемаларға, соның ішінде бедеулікке әкелуімен қауіпті", - деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бір жыл алкоголь ішпесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болады?