Ақмола облысында қар жауды

Ақмола облысында 25 мамырда қар жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының тұрғындары ауа райының құбылмалылығына үйренгеніп қалғанымен, мамырда қар жауады деп мүлде күтпеген. Дегенмен, табиғат әрқашан тосын сыйларға толы екені белгілі.

Мәселен, 25 мамырда таңертең Ақмола облысының Ақкөл қаласында аздаған қар түрінде жауын-шашын түсті. Ерекше құбылыс кадрларын Tengrinews.kz оқырмандары WhatsApp редакциялық нөміріне жіберді.

Еске салайық, бұған дейін елімізде қар жауып, салдарынан республикалық маңызы бар тасжол жабылғаны хабарланған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз