Қарағанды ауданы әкімі орынбасарының басы дауға қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды ауданы әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасарының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің абаттандыру мәселелері бойынша орынбасары Берекет Жайназаров қоқыс жәшігін тепкені бейнеленген видео тарады. Қоқыс жерге шашылды. 

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр күзде болған, алайда аудан әкімінің бейнебаяны Желіде енді тарады.

"Аудан әкімінің орынбасары мердігерге қоқыс жәшігінің нашар бекітілгенін, жұмыстың нашар жүргізілгенін көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзу бөлігі бойынша оған қатысты шаралар қолданылады. Өйткені мұндай мінез-құлыққа кез келген жағдайда, тіпті бұзушылық анықталған жағдайда да жол берілмейді", - деп атап өтті әкімдікте.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә