Мамандар кәуапты майонезден дайындалған тұздықпен араластырып жеу қаншалық қауіпті екенін түсіндірді

Негізі көмірдің түтініне піскен кәуапты жиі тұтыну зиян, сондықтан оған майонезден дайындалған тұздық қосу оны зиянын арттырмайды. Дегенмен диетолог Алексей Кабанов тағамды майонезбен араластырып жеудің салдары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.

Дәрігер кәуап қаныққан майдың жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыратын ет түрі екенін жеткізді.

"Ал тұздық маңызды рөл атқармайды, өйткені кәуаптың өзі онсыз да зиян. Майонез немесе кетчуп бұл зиянды айтарлықтай арттырмайды", - деді ол.

Ол майонезде консерванттар мен дәмдік қоспалар болмаса, оның құрамындағы ингредиенттер тұрғысынан зиянды ештеңе жоқ екенін айтты. Бірақ айтарлықтай зияны жоқ екен деп оны тым көп мөлшерде жеуге болмайды.

Кәуап пен майонез ағзаға қауіп төндірмеуі үшін, оны белгілі бір рұқсат етілген мөлшерде ғана жеу керек. Яғни майлы ет немесе тауықтан дайындалған кәуаптың бір іспарасын ғана жеуге болады, оған 30 граммнан артық емес тұздық қосуға болмайды. Тұздықтың қандай негізде жасалғаны маңызды емес.

"Кәуаптың ағзаға теріс әсерін азайту үшін етті көкөністермен, шөптермен, дәмдеуіштермен, күрделі көмірсулардан жасалған гарнирлермен біріктіру керек. Біз етпен бірге талшықты неғұрлым көп жесек, ет қорытуды жеңу біздің асқазанымыз бен ішегімізге оңайырақ болады", - деді Алексей Кабанов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!