Республикалық маңызы бар тасжол қардың салдарынан жабылды

Қазақстанда қар жауып, салдарынан республикалық маңызы бар тасжол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, 25 мамыр таңертең Екатеринбург - Алматы Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде Колутон станциясынан Новочеркасское ауылына дейін 1080-1140 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық. Мұның себебі ауа-райының қолайсыздығы, яғни, қардың түсуі және температураның төмендеуі.

Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде автожолдардың жабылды:

  • "Екатеринбург - Алматы" 1080-1140 шақырым (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы);
  • "Егіндікөл - Жолан" 0-61,3 шақырым;
  • "Новочеркасское - Егіндікөл - Жантеке" 43-119 шақырым, 2;
  • "Жалтыр-Макинск" 0-38 шақырым;
  • "Новочеркасское - Егіндікөл - Жантеке" 0-43 шақырым;
  • "Новочеркасское - Егіндікөл - Қайнар" 0-52 шақырым.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!