Тамақтанғаннан кейін бірден кофе ішсе, ағзада не болады?

Итальяндықтар үшін тамақтан кейін эспрессо ішу - дәстүрдің бір түріне айналған. Негізі түскі астан кейін бір кесе күшті кофе зиян тигізбейді, тек ас қорытуға көмектеседі деп саналады. Тойып тамақтанғаннан кейін ауырлық сезімін азайтады, асқазан қышқылының түзілуіне ықпал етеді және тамақтанғаннан кейін энергияның төмендеуіне жол бермейді. Алайда, бұл қуаттандыратын сусын темірге қатысты әртүрлі әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Для Вас" сілтеме жасап.

Кофенің құрамындағы танин асқазандағы темірдің сіңуіне жол бермейді.

Танин темірді көкөністер мен жемістерден, яғни жануарлардан алынбайтын өнімдерден байланыстыра алады. Осылайша, тамақтанғаннан кейін кофеден бас тарту, ең алдымен, темір тапшылығы бар адамдарға қажет. Кем дегенде жарты сағат күту жеткілікті.

Ал егер кофе ішкеннен кейін қыжыл мазаласа, сүйікті сусыныңызды ішуге асығудың қажеті жоқ.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ұйықтар алдында оқылатын дұға

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!