Сомнолог күндізгі ұйқышылдықтың ауыр салдары туралы ескертті

Ересек адамның үнемі күндіз ұйқысы келуі қалыпты жағдай емес және бұл денсаулыққа қатысты мәселенің белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы сомнолог-невропатолог Елена Царева мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Говорит Москваға" сілтеме жасап. 

"Сау болу үшін арнайы ұйықтау дұрыс емес. Керісінше, күндіз ұйықтау бұл ұйқы жеткіліксіз болған кезде немесе адам түнде жұмыс істеп, ұйқысы бөлінген кездегі мәжбүрлі шара", - деді ол.

Дәрігердің сөзінше, күндіз ұйқының келуі бірқатар денсаулық мәселесін көрсетеді. Мысалы, адамның режимі дұрыс емес, жұмыс кестесі дұрыс емес немесе ұйқының сапасы нашар, аз ұйықтайды. Сондай-ақ, күндізгі ұйқы депрессияның, ал егер түскі ас ішкеннен кейін ұйқысы келсе, инсулинге төзімділіктің салдары болуы мүмкін.

Ұйқышылдықпен күресу үшін маман ақ және көк түсті жарқын экрандарға қарауды ұсынды.

Сонымен қатар, ол энергетикалық сусындарды тұтынудан бас тартуға шақырды, өйткені мұндай сусындар ағзада стресспен күресуге көмектесетін заттарды жояды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл қанша оқушы «Алтын белгіге» үміткер?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!