Өскеменде көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

Өскеменде көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды
Фото: видеодан алынған кадр/astanatv

Өскеменде көлік ағашқа соғылып, салдарынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты қаладағы Бажов көшесінде болған.

Subaru маркалі автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан