Интерпол үш жасар қазақстандықты тауып, отанына қайтарды

Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды.

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!