Түркістан облысында бір сыныпта оқитын 3 жұп егіз мектеп бітіріп жатыр

Түркістан облысы Келес ауданында 3 жұп егіз оқушы бір сыныптың түлектері атанып отыр. Яғни, 4 қыз және 2 ұл бала үлкен өмір жолына қадам баспақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, олар Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері. Аталған білім ұясында биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді егіздерді сынып жетекшісі Ляззат Анарқұлқызы оқуда да озақ екенін айтты.

"Данабай Ақылбек "Алтын белгіге", Данабай Асылбек "Үздік аттестатқа" үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс жасауды мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін “Тарих-құқық” сияқты пәндерді таңдауда", - дейді мектеп мұғалімі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!