Оралда екі қабатты банкет залы өртеніп жатыр

Оралдық өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оралдағы мейрамханалардың бірінде алдын-ала болжам бойынша, 650 шаршы метр аумақтағы екі қабатты банкет залының шатыры жанып жатыр.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Шақыру орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 19:20-да өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!