"Сәлеметсіз бе, бос емессіз бе?" Қазақстандықтарға экс-премьер "хат жазған"

Қазақстандықтарға экс-премьер-министр Әлихан Смайыловтың атынан хабарламалар түсе бастады. Қазір ол басқарып отырған Жоғарғы есеп палатасы мұны "фейк" деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Палатаның баспасөз қызметі хабарлауынша, алаяқтар Смайыловтың атынан жалған нөмірлер арқылы азаматтарға хат жазып жатыр.

"Біз азаматтарға бұл адамдармен байланысқа шықпауды және күмәнді веб-ресурстар сілтемесіне өтпеуді ескертеміз", - деп ескертті палата.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!