Офицерлер мен полицейлер төбелескен: ІІМ түсінік берді

Ішкі істер министрлігі әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер арасындағы төбелеске қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың жанжалдасқан сәті түсірілген видео тарады. Видеоның жазбасында Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлеріне қарасты 32039 әскери бөлімінің офицерлері әуелі бейбіт тұрғындармен, кейін полиция қызметкерлерімен төбелескені айтылған. Оқиға Астанада болғаны айтылады.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz тілшісіне.

Ақпарат толықтырылып жатыр...

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!