"Жауын, қар, бұршақ". Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райына Солтүстік циклон әсер етеді, салдарынан жаңбыр түрінде жауын-шашын, қар, найзағай, бұршақ болып, жел қатты күшейеді. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамырда орталығында, Оңтүстік-Шығысында, 26 мамырда шығыс, солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Өз кезегінде Скандинавия аудандарынан шыққан кең антициклон әсерінен республиканың батысында ауа райын ашық болады.

Жақындап келе жатқан суық ауа массалары түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін аязға себеп болады - 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!