Алматыда екі учаскеде жол жабылады

Алматыда бір тәулікке жолдардың екі учаскесінде қозғалыс жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 25 мамырда таңғы сағат 06:00-ден 26 мамырда таңғы сағат 06:00-ге дейін жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.

Бұл Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Батыс Желтоқсан көшесі, онда жылу желілерін реконструкциялаудан кейін жол жабынын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратын реконструкциялау аясында жол төсеміне жөндеу жүргізілетін болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!