Мына үш өнімді нанмен бірге жеуге болмайды

Нан - дастарханымызда міндетті түрде болатын өнімнің бірі. Біреулер оны күнде сатып алса, басқалар оны барынша аз жеуге тырысады. Диетолог Татьяна Мещерякова нан жайлы білу керек негзігі нәрселерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Дұрыс құрам

Нанды сатып алмас бұрын әрқашан құрамын тексеріңіз. Оған әдетте әртүрлі ұн, су, тұз, ашытқы немесе ұйытқы қосады. Кейде дәм беру үшін басқа да ингредиеттер қосады: қант, дәмдеуіштер, шемешкілер немесе жаңғақтар. 

Құрамында ірі тартылған ұны, тұтас бидай ұны немесе ұсақталған астығы бар нанды алған дұрыс. Мұндай өнім тығызырақ және пайдалы: оның құрамында минералдар, дәрумендер, диеталық талшықтар мен аминқышқылдар көп. Бидай қоспалары жоқ таза қарақұмық немесе бадам наны болуы мүмкін емес: нан көтерілмей қалады.

Нанды ыстық күйінде жемеген дұрыс

Жаңа піскен нан ыстық күйінде дәмді болатыны рас. Алайда оның суығанын күткен дұрыс. Себебі ыстық пісірме әлі де "пісу" үстінде болады, онда крахмалдың ыдырау процесі әлі де жалғасып жатады. Біздің ағзамызда әлі ыстық нанның ортасы тығыз желімтек массаға айналады. Бұл кесек асқорыту сөліне қалыпты сіңе алмайды. Нәтижесінде асқазанда ашу процестері және қышқылдықтың жоғарылауы басталады, сіз іште ауырлық сезінесіз. Мұндай нанды әсіресе асқазан мен өңеш аурулары және ұйқы безі проблемалары бар адамдарға жеуге болмайды. 

Нанды мына өнімдермен бірге жемеңіз

Нан ет, балық және сүт өнімдерімен нашар үйлеседі. Ақуызы көп өнімдер мен қарапайым көмірсулары бар нан құрамында асқазанда әртүрлі жылдамдықпен ыдырайтын заттардан тұрады. Көп жағдайда мұндай үйлесім ауырлық сезімі мен жағымсыздық сыйлайды. Сүт өнімдері мен нанды бірге жесеңіз, газ көп түзілуі және диарея болуы мүмкін. 

Диета кезінде нан жеуге болады

Көбіне арықтағысы келетіндер наннан және ұнды өнімдерден бас тартады. Алайда диета кезінде нан жеуге болады. Арықтағысы келетіндерге тұтас дәнді нан, бидай нанын және қарабидай нанын жеуге болады. Күніне 2-3 тілім нан үйлесімді рационның бір бөлігі бола алады. 

Балаға нан жеуге болады

Егер балада семіздік немесе глютен көтере алмаушылық болмаса, нанды бала мәзірінен алудың қажеті жоқ. Бала сергек болуы, өсуі және дамуы үшін күрделі және қарапайым көмірсулар тепе-теңдігін сақтау маңызды. 

Оқи отырыңыз: Нанды тоңазытқышқа немесе мұздатқышқа сақтауға бола ма?