"Абай қазақты жаман қылып көрсете берген". Танымал психолог ақынның шығармашылығын сынға алды

Көпке Құралай ханым лақап атымен танылған коуч, психолог Құралай Ошақбаева қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Психологтың айтуынша, ақын өлеңдерінде қазақты нашар тұсынан көрсете берген. 

"Сынға үйреніп қалдым, жақсы қарадым, иммунитет қалыптасты. Бірақ қазақ қоғамында сын өте көп. Жақында Зәуре Батаеваның "Абай жұмбағы" деген мақаласын оқыдым. Мақалада Кеңес үкіметінің сұрқия саясаты бар. Кезінде Абай атамыздың қазақты "самобичивание" дейді ғой, қазақтың бір "ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың" деп қазақтың қиын тұстарын, нашар мінезін, мақтаншақтығын, жамандығын әкеліп көрсете берген. Мына 70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ - нашар. Қазақ - жалқау. Қазақ - ұйқыбас. Қазақ - мақтаншақ деген секілді. Біз 1-сыныптан "Өнерпаз болмай мақтанба" дегенді жаттап өстік, қазір соған қоғам үйреніп қалған. Ал енді мен 10 жыл бойы Instagram-да мақтанғым келеді. Қазақтарды мақтағым келеді", - дейді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Киіт пен кәденің айырмашылығы неде?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!